Таразда Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің мамандарын даярлаудың кезекті курсы басталды. Оқуға еліміздің әртүрлі өңірлерінен жасақталған Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері келді. Жауынгерлерге ұшқышсыз ұшу аппараты таныстырылып, авиациялық жүйелердің қыр-сыры ұғындырылды.