Әскери өмір мен қылқалам арасында қандай ортақ байланыс болуы мүмкін? Ал цемент зауыты мен кенепке салынған керемет пейзажда ше? Техника мен шығармашылық болса, бір-бірімен үйлесе ме? Қарап отырсаңыз, аталғандардың арасы жер мен көктей. Алайда бұлардың жауабын жуалылық Александр Скиба жақсы біледі. Балалық шағында өзін шабыттандырған дүниелерді ол зейнет жасына шыққан соң іс жүзіне.... асырып отыр.

Тараздағы Достық үйінде әуесқой суретшінің жеке көрмесі өтті, оған оның туыстары мен жақындары, сондай-ақ облыстың Суретшілер одағының мүшелері жиналды.