Қаратау қаласында отбасын қолдау орталығы ашылды. Ел Президентінің бастамасымен мемлекеттік отбасы саясатын жүргізуге бағытталған мекемеде өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға жәрдем көрсетіледі. Ашылу салтанатына Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Нәзипа Шанаи арнайы келді.