Жамбыл ауданында «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиында ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарының жағдайы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тарихи ескерткіштерді қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жаңа мәдениет үйлерінің құрылысы таныстырылып, жастарды өнерге баулу бағытында ұсыныстар айтылды.