Қазіргі таңда автомобиль – тұрмысымыздың ажырамас бөлшегіне айналған техника. Оның күрделі жүйесін меңгеріп, түрлі ақауларын дер кезінде анықтап, жөндей алатын жандарға сұраныс артып келеді. Сондай білікті маманның бірі – Жорабай Омаралиев. Көлігі бұзылып, көңілі түскен жүргізушілерге әп-сәтте көмек көрсетіп, көпшіліктің алғысына бөленіп отырған Жорабайды арнайы іздеп келетіндер көп. Бүгінде ол темірдің тілін түсінуге құмар өзі секілді жастарды осы іске үйретіп жүр.