Байзақ ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары талқыланды. Мәслихаттың кезекті сессиясында аудан әкімі атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиында халықты толғандыратын негізгі мәселелер – тұрғын үй, мектеп, ауыз су және инфрақұрылым жайы басты назарға алынды.