Қазақстанда тұңғыш рет аммоний бифторидін шығаратын кәсіпорын жұмыс істеуде. Жылдық қуаттылығы – 200 мың тоннаны құрайды. Шу ауданында орналасқан зауыт – отандық ғалымдардың көпжылдық еңбегінің нәтижесі. Жоба жетекшілері өндіріс технологиясының халықаралық тәжірибеде баламасы жоқ екенін айтады.