Бүгін - халықаралық отбасы күні. Бұл мереке отбасылық құндылықтардың маңыздылығын, жылулық пен сүйіспеншілікті бейнелейді. Аталған мейрамды отағасы бітімгерлік жұмыстармен басқа мемлекетте жүрген отбасының мүшелері де қарсы алды. Мысалы бүгінде Голан жотасында қызмет етіп жүрген Жамбылдық әскери қызметкерлердің жанұялары отағасы жырақта жүрсе де бұл күнді ерекше деп есептейді.