Жаңатоған ауылдық округінде «Білім, еңбек, бірлік» тақырыбында кезекті семинар-жиын өтті. Оны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары ұйымдастырған. Қатысушылар аудандағы этнос өкілдерінің түрлі тағамдарынан дәм татып, ауылдың тыныс-тіршілігін көзбен көрді.