Жазушы Салтанат Әбдіғалидың «Жаназық» пен «Кішкентай әйел» атты жаңа туындылары оқырман қауымға жол тартты.Автордың туындылары көпшілікке «Кітаптар әлемінде» жобасы аясында таныстырылып отыр. Әлеуметтік желі арқылы оқырманды кітапқа баулып жүрген қаламгердің бұл еңбектері – бірнеше жылдық ізденістің жемісі.