Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев өңірдегі еңбек ұжымдарының өкілдерімен және кәсіподақ ұйымдары басшыларымен кездесті. Онда еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіподақтардың қоғамдағы рөлі мен атқаратын міндеттері жан-жақты айтылды.