Жамбыл облысында тарихтағы ең ірі агроөнеркәсіптік жоба келер жылы өз жұмысын бастайды. Шу ауданында құны 800 миллион АҚШ долларын құрайтын биоинженерлік кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – Қазақстандағы жүгеріні терең өңдейтін алғашқы әрі ең ауқымды зауыт болмақ.