120 орындық студенттік жатақхана ашылды
Жұмысшы мамандықтар жылы және Жастар күніне орай 120 орындық жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Нысанның құрылысын жеке кәсіпкер, жекеменшік әлеуметтік серіктестік аясында жүргізіп, толықтай аяқтады. Жоба жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту және қолжетімді білім беру кеңістігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылды.