Жамбыл облысында полицейлер 60 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі. Орталық өңірлерден келген үш ер адам ұсталды. Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында жедел іс-шараларды Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағымен бірлесіп өткізді.