Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Оған мыңға жуық адам қатысып, 50 техника жұмылдырылды. Қаланы тазалау жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұйымдар және кәсіпкерлік нысан иелері атсалысты.