Ақын тойы Қарауылда орталық алаңдағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімен басталды.

Бұл рәсім бір мезетте еліміздің барлық жерінде бірдей өтті. Қарауылдағы шараға зиялы қауым өкілдері, тойдың құрметті қонақтары мен тұрғындар қатысты. Ақын ескерткішіне тарнайы тағзым ету үшін Голландиядан кемеңгер жазушы, Мұхтар Әуезовтың немересі, Зифа-Алуа Әуезова да арнайы келген.