Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптеуге арналған «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Шара жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, тіл байлығы мен көркем сөзге деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат етті.