Соғыс және еңбек ардагері Ұзақбай Сыздықбаевтың туғанына 100 жыл. Сарысу ауданында қоғам қайраткерінің мерейтойына арналған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда Ұзақбай Сыздықбаев атындағы жаңа саябақ ашылып, ауылдың кіре -берісінен салынған жаңа қақпаның ашылу салтанаты өтті.