Биыл Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл. Осыған байланысты ақынның туған жері Жидебай мен Қасиетті Қарауылтөбеде дүбірлі той өтті. Данышпан Абайдың рухына құран бағышталып, ас берілді. Сонымен қатар, түрлі сахналық қойылымдар көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.