Биылғы жұмысшы мамандықтар жылына орай облыс орталығындағы Тараз сервис және технология колледжінде ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты – талапкерлерге білім беру мекемесінің мүмкіндіктері мен техникалық мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру. Келуші қонақтар шеберханаларды аралап, жұмысшы мамандықтар бойынша тегін кеңес алып қайтты.