Жамбыл облысында 21 шілдеден бастап «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Оның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдау деректерін анықтау, жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту.