Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласында болып, егістік алқаптар, су шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын аралады. Іссапар барысында егін және мал шаруашылығын дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралды. Сондай-ақ шаруалардың ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектері тыңдалды.