Бизнес үшін есеп беру азайды, ашықтық қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Маңызды құжатқа сай салықтық әкімшілендіру едәуір жеңілдейді. Мәселен, салықтық есептілік көлемі 30 пайызға, салықтар саны 20 пайызға азаяды. Қосылған құн салығы 16 пайыз боп бекіп, оның шегі 40 млн теңге болды.