Енді тау ішіне тас жолмен кіресіз. Жамбыл облысының туризм картасындағы маңызды нысандардың бірі – Көксай шатқалына апаратын жол құрылысы аяқталуға жақын. Жауапты мердігердің айтуынша, небәрі 3-4 күндік жұмыс қалған. Ресми ашылу тамыз айының біріне жоспарланған.