Жуалыдан шығатын сүт өнімдеріне шетелдіктер қызығушылық танытуда. Табиғи таза өнімдерімен танылған аудан бүгінде жаңа бренд өндіріп, минералды сусын шығаруды да қолға алған. Жуалының агро салада жеткен жетістіктеріне өңірге ұйымдастырылған баспасөз туры аясында аймақ журналистері де куә болды.