Елімізде арнайы құрылғылардың арқасында орман өрті 3 есеге азайды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, бүгінде Ертіс орманы, Бурабай, Көкшетау және Алматы ұлттық паркінде биіктігі 30 метрлік антенналар орнатылған. Ол өртті ерте анықтап, қауіп-қатер туралы мәлімет береді. Осындай заманауи құрылғылардың көмегімен Баянауыл, Қарқаралы, Жасыл аймақ сынды өртке бейім 23 орман шаруалығы анықталған. Министрлік қазір ауаның ластануын және табиғи полигондарды ғарыштан бақылау, ормандарды заңсыз кесуден сақтау сынды жұмыстарды цифрландырып жатыр.