Журналистер қаламдарын қаруға айырбастады. 28-ші маусым бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай, әріптестеріміз сарбаздар мен сардарлардың рөлін сомдады. Әскери өмірдің бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып, сап түзеп, жаттығуларды орындады.

Жамбылдық қалам ұстаған тілшілер тау баурайына барып, «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында қатаң әскери тәртіп пен сыннан өтті. Журналистерге арналған турды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған.