28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Айша бибі ауылында БАҚ өкілдері арасында кіші футболдан турнир өтті. Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы достықты нығайту болды.