Полиция - қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Әдеп пен әділдік үшін күресіп, қылмыстың алдын алудың хас үлгісін көрсетіп, бейбіт күнде ел тыныштығын күзеткен, қиындығы мол қызметтің жүгін арқалаған жандар. Бүгінде Байзақтағы бұқараға тәртіп сақшылары белсенді түрде көмек көрсетіп келеді.