Жыл басынан бері еліміз бойынша 13 бала суға кеткен. Бұл тізімде Жамбыл облысы жоқ. Осы көрсеткішті бұдан ары да сақтау қажет. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия төрағасы Серік Сәлемов құзырлы мекеме басшыларына осындай тапсырма берді. Кезекті отырыста жасөспірімдер қылмысы мен суицидін болдырмау бағытындағы жұмыс жоспары пысықталып, жазғы демалысты ойдағыдай өткізу жайы айтылды.