Бос тұрған жұмыс орны көп, алайда, қызмет етуге ниеттілер жоқ. Жамбыл облысында ұзақ уақыт бойы бос тұрған лауазымдар саны 2,8 есе өскен. Жауаптылар бұған сан түрлі себеп бар екенін алға тартады. Қызмет қылуға құлшыныстың күрт азаюы атқарушы билікті алаңдатып отыр.