Жеңіс күні қарсаңында Таразда Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды. Мәдениет ошағының лентасы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай салтанатты түрде қиылды. Сондай-ақ, батырлар рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.