Бүгін Тараз қаласында тағылымды жоба – «Ежелгі Тараз қаласы» атты тарихи-танымдық экскурсия өз жұмысын бастады. Рухани-мәдени мұраға бай шаһарымыздың көне тарихына терең бойлауды мақсат еткен шара 10 күнге жалғасады. Экскурсияның аясында мыңға жуық оқушы көне Тараздың мәдени мұраларымен жақын таныспақ.