Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қадірлі мейманда Ақордада салтанатты қарсы алды. Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 200 миллион долларға жуықтады. Еліміздегі фармацевтика, машина жасау, телекоммуникация және жаңартылатын энергия көздері салаларында Словения капиталының үлесі бар 19 компания кәсібін табысты жүргізіп келеді. Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.