Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық басталды. Мерекелік шеруге қатысу үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі Тараздан елордаға аттанды. Бас қалада 7 мамырда өтетін шеруде бұл топ сүйемелдейтін біріктірілген үрмелі аспаптар оркестрінің құрамында болады.