Бүгін - композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Қазақтың біртуар перзенті - 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиев қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетінде өшпес із қалдырды. Айтулы күнде композитордың атындағы мектеп-интернатында кең көлемде мерекелік іс-шара өтті.