Таразда бес ауылда бір күнде келін түсіп, бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, нәресте бесікке салынды. Ұлттық салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, көпшілікке паш еткен белсенді өмір сүру орталығы Әз-Наурызды кең көлемде атап өтті. Орталықтың қызмет алушылары ас та төк дастархан жайып, қазандарда ет асылып, наурыз көже пісіріліп, келген қонақтар сексеуілдің шоғына қайнаған ақ самаурыннан шәй ішті.