Салық төлеу және бизнесті «көлеңкеден» шығару. Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов осы екі маңызды міндетті атап өтіп, мемлекеттік қызметтерді дамыту мен цифрландыру ісін одан әрі жетілдіру қажет екенін айтты. Жиынға қатысқан – «Kaspi. Kz» басқарма төрағасы және Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры баяндама жасады. Олар мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін азаматтар мен бизнеске ыңғайлы ететін негізгі жобаларын ұсынды. Үкімет басшысы мемлекеттік қызметтерді онлайн ұсынып отырған банктердің оң нәтижесін атап өтіп, бірқатар тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, банк секторының цифрландыру, онлайн қызмет ұсыну бағытында жетістіктеріне оң баға берді.