Тараз қаласының көшелерінің бірінде екі жолақты сызықты кесіп өтіп, жол ережелерін бұзған “Lada-21214” маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Сондай-ақ, бұл жүргізушінің осыған дейін жүргізуші куәлігі тоқтатылғаны және көлігін қараңғылап жүргені анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 216 260 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, “Toyota Camry” маркалы автокөлігінің жүргізушісі тыйым салынған жерден бұрылыс жасағаны белгілі болды. Осы заң бұзушылығы үшін жүргізуші 6 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.