Бүгін Мойынқұм ауданында шопандардың маршалы Жазылбек Қуанышбаевтың 129 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Екі рет Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған Жазылбек Қуанышбаев Қаракөл қойын өсіруді алғашқылардың бірі болып бастаған және қой шаруашылығын дамытуда үлкен үлес қосқан тұлға.