Жасанды интеллектің мүмкіндігі көп болғанымен, одан келер қауіп-қатер де жоқ емес. Дегенмен, жаңа технологияның реттелмеуі жеке деректердің ұрлануы, алаяқтықтың көбеюі секілді күрделі мәселелерге алып келуі мүмкін.
Аталған мәселелерді сейілтуге, сондай-ақ жасанды интеллектіні дұрыс бағытта дамыту мақсатында арнайы заң жобасы да қабылданбақ. Бұл туралы «Аманат» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында айтылып, тақыланды.