Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалуын тексерді. Ол Екібастұздағы бірінші және екінші электр станцияларын жаңғырту, реконструкциялау жұмыстарымен сондай-ақ енді салынатын үшінші электр станциясының жобаларымен танысты. Ал, кеңесте жаңа қуат көздерін іске қосу, инфрақұрылымды жаңғырту, батыс аймақтың электр желілерін бірыңғай жүйеге біріктіру және энергия тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.