Жамбылда автоматты 8 секундта шашып, жинайтын жауынгер қыз бар. Мәдина Анарбаева, Әулиеата өңірінде әскери қызметтегі әйелдер арасында жеке рекорд иесі. Жас сарбаздың қазірде дайындығы қызу. Себебі, Астанада өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды парадқа қатысады.