Әз- Наурыздың бастауы болған «Көрісу күні» Тараз қаласында да ерекше тойланды. «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасқан» амал мерекесі Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта көрісу күніне арналған мәдени көпшілік іс-шарамен бастау алды. Халықтық мерекеге облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов бастаған жергілікті атқарушы билік өкілдері де қатысты.