Көрісу күнінде «Әулие –Ата» халықаралық әуежайында ерекше форматта іс-шара ұйымдастырылды. Алыс-жақын шетелден іс-сапармен келген қонақтар және Жамбылдықтар көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Себебі «Тараз туризм» ақпараттық орталығы ұлттық дәм ұсынып, ұлттық стильде келушілерді қарсы алды.