Амал мерекесі қарсаңында Меркі ауданында қос мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Олар Андас батыр ауылындағы №21 жалпы орта мектебінің қосымша ғимараты мен №48 мектептегі 200 орындық жапсарлас ғимарат пен жаңа спортзалдың лентасы қиылды. Қос мектеп кешендерінің ашылу рәсіміне аудан әкімі мен зиялы қауым өкілдері қатысты.