Былтыр елімізде қылмыс саны 12 700-ге азайған. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президентке елдегі криминогендік жағдай жөнінде ақпарат берді. Сәденовтің сөзінше, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлерінің саны төмендеген.