Таразда балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Өткен жылы пилоттық жоба ретінде енгіЗІліен бұл жүйе, ата-аналарға қажеттіліктеріне сәйкес келетін балабақшаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Ал оның қызметтерін мемлекет төлейді.
Жоба мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін, сапасын және ашықтығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, саладағы жағдайды түбегейлі жақсартуға арналған.