Ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді нығайту және инвестиция тарту – бұл ел дамуының басым бағыттары. Мемлекет басшысы 28 қаңтарда Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталмыш бағыттарды баса айтты, жоба жоспарын айқындады. Бүгін шаһардағы политехникалық жоғары колледжінің студенттеріне кеңейтілген отырыста айтылған міндеттер жайы кеңінен баяндалды.