Әскерилер Таразда қалпына келтіру пойызының платформасының көтеру-түсіру механизмін сынақтан өткізді. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас қолбасшысының әскери байланыс басқармасының және «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің бірлескен жұмысы аясында өтті. Сынақтардың негізгі мақсаты – әскер техникасын жабдықталмаған теміржол учаскелерінде тиеу және түсіру механизмдерінің тиімділігін анықтау болды.